Биыл ел бойынша 113 спорт нысаны салынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл ел бойынша 113 спорт нысаны салынады

01.08.2023

Биыл марафон, велошеру, отбасылық жарыстар секілді 25 мыңнан астам бұқаралық спорттық іс-шара өткізілмек. Бұл жайында министр Асхат Оралов айтты. Десе де премьер-министр салада түрлі түйіткілдар бар дейді. Мәселен спорт нысандары барлығына бірдей қол жетімді емес. Оның үстіне ғимараттардың тозығы жеткен. Тіпті, Баянауыл ауданында үш жыл бұрын ғана пайдалануға берілген стадион құлап жатыр деді премьер. Ал Асхат Оралов мәселелердің бар екенін мойындайды, оларды шешу үшін тиісті жұмыстар жүріп жатқанын жеткізді.

Асхат Оралов, ҚР Мәдениет және спорт министрі:

Жалпы Қазақстанда 43 мыңға жуық спорт нысаны бар болса, оның 23 мыңнан астамы ауылдық жерлерде орналасқан. Биыл 113 жаңа спорт нысанын салу, сондай-ақ 20 нысанды күрделі жөндеу және қолданыстағы 6 спорт нысанын қайта жарақтандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу