АҚШ пен Қазақстан арасындағы серіктестікке 5 жыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ пен Қазақстан арасындағы серіктестікке 5 жыл

31.07.2023

«Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси реформаларға АҚШ тарапы оң бағасын беріп отыр». Вашингтонға жұмыс сапарымен барған Қазақстан Сыртқы істерінің бірінші орынбасары Қайрат Омаров осылай деді. Құрамында Конституциялық Сот өкілдері, парламенттің депутаттары бар делегация екі күннің ішінде Ақ үй, АҚШ мемлекеттік департамені және Конгресс мүшелерімен кездесу өткізді.

Вашингтондағы қоғамдық-саяси топтардың және сараптамалық орталықтардың өкілдеріне Қазақстандағы өзгерістерді таныстырды. Адам құқын сақтау, заң үстемдігі, сыбайлас жемқорлықпен күрес және басқа да реформалар туралы баяндады. Биыл Қазақстан мен Америка Құрама Штаттарының арасындағы кеңейтілген серіктестікке 5 жыл. Еліміз бұл мемлекетпен стратегиялық серіктес мәртебесіне ие аймақтағы жалғыз мемлекет.

Қайрат Омаров, ҚР СІМ бірінші орынбасары:

Жалпы алғанда, сапарымыз өте жақсы және нәтижелі өтті. Біз америкалық әріптестеріміздің саяси өзгерістерді ғана емес, сонымен қатар сауда-инвестициялық саланы да дамытуға басымдық бергісі келетінін көріп отырмыз. Олар Қазақстандағы демократияландыру процестерінің одан әрі тереңдеуіне мүдделі. Осыған байланысты біз өзара ынтымақтастық пен диалогты дамытып жатырмыз. Әлбетте әр салада оны кеңейтуге ниеттіміз.


Жалғас Сәдібекұлы

Хабарламаларға жазылу