Астанада терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтеді

27.07.2023

Астанада бүгін және ертең терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтеді. Бұл құқық қорғау және арнайы органдардың лаңкестік әрекеттерге дайындығын тексеру мақсатында ұйымдастырылып отыр. Шара барысында қаладағы жаяу жүргіншілер жолы мен көлік қозғалысына шектеу қою жоспарланған. Оқу-жаттығу кезінде түрлі күрделі ұрыс техникалары қолданылады.

Терроризмге қарсы Астана қалалық штабы іс-шара өтетін күндері қала тұрғындарын түсіністік танытуға шақырды. Қауіпсіздік шараларын сақтауға, мемлекеттік органдар қызметкерлерінің талаптарын орындауға және ресми ақпарат көздеріне сенуге үндеді. 


Айя Мүтәлі

Хабарламаларға жазылу