Қазақстандықтарға микронесие алу үшін биометриялық тексерістен өту міндеттеледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандықтарға микронесие алу үшін биометриялық тексерістен өту міндеттеледі

26.07.2023

Енді қазақстандықтарға микронесие алу үшін биометриялық тексерістен өту міндеттеледі. Яғни, онлайн қарыз алу үшін өзі туралы деректерді енгізіп қана қоймай, бет-жүзін жеке куәліктегі бейнесімен сәйкестендіру қажет. Сондай-ақ мобильді құралдың көмегімен цифрлық қолтаңбасы сұралады. Құпия сөзді енгізу жүйесі де біршама қиындайды. Тиісті құжатты Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі әзірлеп отыр. Олар бұл арқылы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ете отырып, алаяқтыққа жол бермейміз,- дейді. Жоба 8 тамызға дейін қоғамдық талқылауға салынады.

Айя Мүтәлі

Хабарламаларға жазылу