Израиль парламенті сот реформасын қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Израиль парламенті сот реформасын қабылдады

25.07.2023

Израиль парламенті қоғам наразылығына қарамастан сот реформасын қабылдады. Коалициялық партиялар атынан шыққан 64 депутаттың барлығы құжатты қолдаған. Бұған қарсылық ретінде оппозициялық партиялардың өкілдері залдан шығып кетті. Сонымен бірге халық жаппай шеруге шықты.

Полиция оларға су шашқан. 20 адам тұтқындалды. Үкімет ұсынған сот реформасына қарсы шеру Израильде 7 ай бойы жалғасқан еді. Ақпаннан сәуірге дейін көшеге миллиондаған адам шыққан. Олар билік елді диктатураға айналдырады деп қауіптенеді. Ал реформаны жақтайтындардың пікірінше, соңғы жылдары абсолюттік билік Жоғарғы соттың қолында шоғырланған. Бұл үкіметтің тиімді жұмыс істеуіне кедергі келтіреді деп есептейді. Енді биліктегі коалиция сот билігінің тыйымдарын айналып өтіп, кез-келген заңды қабылдайды немесе күшін жоя алады.      


Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу