Түркістан облысында 10 мектепте жөндеу жұмыстары жаңа оқу жылы басталғанға дейін аяқталмайтын түрі бар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысында 10 мектепте жөндеу жұмыстары жаңа оқу жылы басталғанға дейін аяқталмайтын түрі бар

21.07.2023

Түркістан облысында 10 мектепте жөндеу жұмыстары жаңа оқу жылы басталғанға дейін аяқталмайтын түрі бар. Өйткені құрылыс жұмыстары кестеден кеш басталған. Бұл білім ошақтары Жетісай, Мақтарал, Қазығұрт, Келес, Ордабасы аудандарында. Сондай-ақ білім ұяларының жаңа оқу жылына дайындығын тексеру кезінде өңірдегі мектептердің 80 пайызынан кемшілік анықталған. Көбінде интернет нашар және санитарлық жағдайлары талапқа сай келмеген.

Бейбіт Қазыбеков, Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің бас маманы:

Білім беру ұйымдарында ғаламтордың жылдамдығы, ішкі және сыртқы әжетханалардың жұмыс істеуі, мектептердегі қауіпсіздік, олардың ішкі істер органдарына жалғануы, асханалардың дайындығын саралап, мониторинг жүргізіп жатырмыз.

Ғани Қалмаханов

Хабарламаларға жазылу