Абай облысындағы «Семей орманы» табиғи резерватына жаңа техникалар алынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Абай облысындағы «Семей орманы» табиғи резерватына жаңа техникалар алынды

20.07.2023

Абай облысындағы «Семей орманы» табиғи резерватына жаңа техникалар алынды. Өрт сөндірушілерге 110 портативті радиостанция, 150 стационарлық станция және 150 антенна берілді. Орман шаруашылығы техникасының 70 пайызы тозған. Биыл мемлекеттен жаңа техника алу үшін 1,4 млрд теңге бөлінген. Оған 51 өрт сөндіру машинасы, адам аяғы бармайтын жерге оңай жету үшін 38 машина мен 44 патрульдік автокөлік алынады.

Біржан Жамбылбеков, орманшы:

Осы өртте техника көрсетті өзі. Бірінен кейін бірі сынып... Жаңарту керек. Камаз беру керек. Бірде-бір камаз жоқ шынын айтсам. Дрон жоқ бізде.

Данияр Тұрғанбаев, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының міндетін атқарушы:

Орманшы инспектордың жалақысы 80 мыңнан 120-ға дейін болған. Енді 100 пайызға үстемақы ретінде өседі. Сонда мөлшермен 150 мың мен 200 мыңнан асады.


Рүстем Қайратұлы


Хабарламаларға жазылу