Мемлекет басшысы Кувейттің Тақ мұрагері шейх Мешаль әл-Ахмед әл-Джабер ас-Сабахпен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Кувейттің Тақ мұрагері шейх Мешаль әл-Ахмед әл-Джабер ас-Сабахпен кездесті

20.07.2023

Саммит аясында Мемлекет басшысы Кувейттің Тақ мұрагері шейх Мешаль әл-Ахмед әл-Джабер ас-Сабахпен кездесті. Тараптар сауда-экономика және инвестиция салаларындағы қазақ-кувейт ынтымақтастығының даму перспективаларын талқылады. Қасым-Жомарт Тоқаев Кувейтпен байланысты нығайтудың маңыздылығына тоқталып, Қазақстан екі ел арасындағы қарым-қатынасты одан әрі дамытуға мүдделі және барлық басым бағыт бойынша өзара іс-әрекетке тың серпін беру керектігін айтты.

Тақ мұрагері Астана мен Әл-Кувейт арасындағы достық және өзара тиімді қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға дайын екенін атап өтіп, сауда-экономикалық, инвестициялық, туристік салалардағы ынтымақтастықты дамыту үшін зор әлеует бар екенін жеткізді.

Мемлекет басшысы Тәжікстан президентімен кездесті

Сондай-ақ Мемлекет басшысы Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесті. Екі ел басшылары Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы қарым-қатынастардың даму қарқыны жоғары екенін айтты.

Сондай-ақ сауда-экономикалық байланыстар мен мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі нығайту тетіктерін талқылады. Тараптар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі мәселелер жөнінде де пікір алмасып, алдағы кездесулер кестесін талқылады.


Асима Нұрбайқызы

Хабарламаларға жазылу