Қырғызстанда сайлауда дауыс беруге қатыспайтын азаматтарға айыппұл салу мәселесі көтерілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қырғызстанда сайлауда дауыс беруге қатыспайтын азаматтарға айыппұл салу мәселесі көтерілді

14.07.2023

Көршілес Қырғызстанда сайлауда дауыс беруге қатыспайтын азаматтарға айыппұл салу мәселесі көтерілді. Мұндай заң жобасын депутаттардың бірі талқылауға шығарған. Халық қалаулысы президент немесе парламент сайлауында дауыс беруге қатыспаған адамға 57 доллар төлетуді ұсынып отыр. Оның пікірінше, бұл қадам азаматтардың сайлауға қатысу белсенділігін арттыруға септігін тигізеді. 


Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу