Елордада шахматтан «Астана жұлдыздары» халықаралық фестивалі басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада шахматтан «Астана жұлдыздары» халықаралық фестивалі басталды

11.07.2023

Елордада шахматтан «Астана жұлдыздары» халықаралық фестивалі басталды. Астананың 25 жылдығына арналған шараға әлемнің 16 мемлекетінен келген 800-ге жуық шахматшы бақ сынайды. Жарыс 19 шілдеге дейін болады. Ол 4 турнирді қамтиды: ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионаты, блицтан турнир, әуесқойлар мен балалар арасындағы бәсеке. Дүбірлі додаға гроссмейтерлер мен Азия ойындарының жеңімпаздары қатысады. Турнирдің жүлде қоры 40 миллион теңге.

Асхат Оралов, ҚР Мәдениет және спорт министрі:

Балаларыңызды қолдаңыздар немерелеріңізді қолдаңыздар, осындай дүбірлі додаларға алып келіңіздер, өйткені біздің еліміздің жастарымыздың, балаларымыздың әлеуеті өте зор бұның бәрін қолайлы жағдай жасап біз іске асыруымыз керек. Қазір мемлекет басшымыз Қасым-Жомарт Тоқаев нақты спорт саласын шахмат болсын, олимпиадалық, олимпиадалық емес, ұлттық спорт түрлерін қолға алып шынын айтқанда жаңа бір деңгейге шығару үшін нақты бір жеті жылдық жоспар құрылды, тұжырымдама әзірленіп бекітілді.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу