Отандық жылыжайлар тақырға отыруы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Отандық жылыжайлар тақырға отыруы мүмкін

11.07.2023

Отандық жылыжайлар банкротқа ұшырауы мүмкін. Көкөніс, көшет және гүл өсіретін жабық нысандардың жалпы ауданы бүгінде 18 пайызға дейін қысқарған. Яғни, мың жарым гектарға жуық жердің 300-ге жуығы мақсатсыз пайдаланылады. Сәйкесінше, жылыжайдан жиналатын өнім де азайған. Мәселен, осыдан екі жыл бұрын 256 мың тонна қияр мен қызанақ өсіріп сатса, былтыр оның қоры 182 мың тоннадан сәл ғана асқан. Яғни, үш есе аз. Тақырға отыруы мүмкін жабық кешендердің көбі оңтүстікте орналасқан. Түркістан, Алматы, Жамбыл облыстары мен Шымкент қаласы еліміздегі базарлар мен дүкендергі көкөністердің 76 пайызын қамтамасыз етіп отыр.

Айя Мүтәлі

Хабарламаларға жазылу