Атөбедегі сүт зауытында жаңа жұмыс орындары ашылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атөбедегі сүт зауытында жаңа жұмыс орындары ашылады

11.07.2023

Атөбедегі сүт өнімдерін шығаратын зауытта жаңа жұмыс орындары ашылады. Кәсіпорын соңғы бес жылда өндіріс қуатын арттырып, жаңа өнім түрлерін шығарды.

Қазір мұнда тәулігіне 50 тонна сүт өңдейтін жаңа цехтың құрылысы аяқталуға жақын. Ол іске қосылған соң сапалы, халықаралық талаптарға сәйкес келетін өнім түрлері шығарылатын болады. Сондай-ақ, ондаған адам жаңа қызметке қабылданады. Кәсіпорын жұмысымен танысуға арнайы келген ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, «Аманат» партиясы фракциясының мүшелері — Ғалымжан Елеуов пен Қазыбек Алишев жұмысшыларға ауыл шаруашылығы саласындағы жаңа өзгерістер туралы айтып берді. Халық қалаулылары өңірдегі білім беру, медицина саласы мамандарымен де кездесуді жоспарлап отыр.

Жақсыбек Кемал


Хабарламаларға жазылу