Швейцария Қазақстанға көршілес елдермен трансшекаралық өзендердегі суды бөлу мәселесінде көмек беруге ниетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Швейцария Қазақстанға көршілес елдермен трансшекаралық өзендердегі суды бөлу мәселесінде көмек беруге ниетті

05.07.2023

Швейцария Қазақстанға көршілес елдермен трансшекаралық өзендердегі суды бөлу мәселесінде көмек беруге ниетті. Бұл туралы Швейцария Сыртқы істер федералдық департаментінің басшысы Иньяцио Кассис айтты. Олар су бөлу мәселесін көршілерімен жүздеген жыл бойы талқылап келеді. Тәжірибесі мол. Иньяцио Кассистің Қазақстанға ресми сапары кезінде, мемлекеттер арасында сауда-экономикалық, мәдени және өзге де салалардағы байланысты арттыру тетіктері де талқыланды. Әсіресе Швейцарлық делегация Қазақстандағы бизнес климатқа қызығушылық танытып отыр.

Мұрат Нұртілеу, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі:

Швейцария Қазақстандағы ең ірі инвесторлардың бірі. Экономикамызға салған инвестицияларының көлемі 32,6 млрд доллардан асты. Былтырдың өзінде Швейцариядан 2,8 млрд доллар инвестиция құйылған болатын. 300 ге жуық Швейцариялық компания Қазақстанда жұмыс істейді.

Оңғар Алпысбайұлы

Хабарламаларға жазылу