ШҚО-да коммуналдық мекемелерде соңғы 6 айда үш мың маман жұмыстан кеткен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ШҚО-да коммуналдық мекемелерде соңғы 6 айда үш мың маман жұмыстан кеткен

03.07.2023

Шығыс Қазақстан облысында коммуналдық мекемелерде соңғы 6 айда үш мың маман жұмыстан кеткен. Басты себеп жалақының төмендігі. Олардың басым бөлігі жылыту орталықтары мен энергетикалық компаниялардың білікті кадрлары. Сондықтан монополияға қарсы Агенттік облыста бірінші шілдеден бастап, жылу, су және электр энергиясының тарифін 10 пайызға көтеруге рұқсат берді. Тарифтен түскен қаржы коммуналдық мекемелердегі мамандардың еңбекақысы мен тозған инженерлік жүйлерді жөндеуге жұмсалмақ.

Арман Мәлік, облыстық Табиғи монополияларды реттеу департаментінің басшысы:

Осы салаларда жұмыс істейтін қызметкердің жалақасын орташа есеппен 20-30 пайызға көтеру бойынша шешім қабылдадық. Одан бөлек 9,4 миллиард теңгеге инвестицияның бөлінуін қамтамасыз еттік.



Хабарламаларға жазылу