Талдықорған қалалық құрылыс бөлімінің бұрынғы басшысы мен қызметкерлері ұсталды
Талдықорған қалалық құрылыс бөлімінің бұрынғы басшысы, екі маманы және техникалық қадағалау қызметкерлері ұсталды. Оларға коттеджді қалашық құрылысына бөлінген қаржыны жымқырды деген айып тағып отыр.
Естеріңізге сала кетейік, облыс орталығының кіре берісіндегі қалашықтың сапасы сын көтермейтіні жайлы ақпарат арнамызда бірнеше рет айтылған болатын. Кешенді тексеру барасында құрылыс бөлімі мердігер мекемеге 500 млн теңге қаржыны негізсіз аударып, жұмысты қабылдағаны анықталды.
Ләйлім Әбілмәжінова, Жетісу облыстық прокурорының көмекшісі:
Осы факт бойынша Қылмыстық Кодекстің 189-бабы, 2-ші тармағы, 4-ші бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Бес лауазымды тұлға қамауға алынды. Сондай-ақ осы Жетісу облысында балабақша есепшісі 40 млн теңгеге жуық бюджет қаражатын иемденді деген күдікке ілінді. Өңір прокурорлары жымқыру фактісін Ақсу ауданына қарасты мектепке дейінгі мекемелердің бірінде штат кестесі мен банктік шоттарды салыстыру кезінде анықтады. Есепшінің өзіне тиісті жалақысы мен нақты төленген қаражат арасындағы айырмашылық болған.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ресейде 16 өңірде су тасқыны күтілуде
12.03.2026, 13:42
Егістіктегі судың әр тамшысы бақылауда болады
12.03.2026, 13:42
163 мыңнан астам адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді
12.03.2026, 13:34
Шымкентке Жиддадан арнайы рейспен 200-ден астам азамат елге жеткізілді
12.03.2026, 13:30
Жетісу облысында жаңа мәдениет үйі ел игілігіне берілді
12.03.2026, 13:28
Ақмола облысында 125 отбасы баспаналы болды
12.03.2026, 13:24
Астанада көлік қозғалысына қатысты заңдағы өзгеріс күшіне енді
12.03.2026, 13:21
Жаңа Конституция жобасы – әділетті қоғам құрудың кепілі
12.03.2026, 13:17