Иракта құранның өртелуіне қарсы Швеция елшілігінің алдында шеру өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Иракта құранның өртелуіне қарсы Швеция елшілігінің алдында шеру өтті

30.06.2023

Ирак астанасы Бағдаттағы Швеция елшілігінің алдында шеру өтті. Наразылық акциясына қатысушылар Стокгольмдегі мешіт жанында Құранның өртелуіне қарсы шыққан. Олар ЛГБТ-ның түрлі-түсті жалауын өртеді.

Айта кетейік, сәрсенбіде Швеция астанасында ирактық босқын Құранды өртеген еді. Құрбан айттың бірінші күнінде болған бұл әрекетке полиция рұқсат берген. Түркия, Біріккен Араб Әмірліктері, Иордания мен Марокко бұған ресми түрде наразылық білдірді. Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған болса, мұсылмандардың қасиетті құндылықтарына тіл тигізу сөз бостандығына жатпайды деп мәлімдеді. 


Арай Төлегенқызы






Хабарламаларға жазылу