Қазақстан мешіттерінде Құрбан айт намазы оқылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан мешіттерінде Құрбан айт намазы оқылды

28.06.2023

Бүгін таңертең еліміздегі барлық мешітте Құрбан айт намазы оқылды. Иісі мұсылман қауымы асыға күткен қасиетті мереке үш күнге жалғасады. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілдері бұл күндері құлшылық етіп, көбірек жақсы амалдар жасауға тырысқаны жөн, дейді. Сондай-ақ, айт елдің береке-бірлігін күшейтіп, адамзат баласының бауырластығын арттырады.

Ұлық мерекені астаналықтар да ерекше ықыласпен қарсы алды. Бір ғана Әзірет Сұлтан мешітінде адамның көптігінен ине шаншыр орын болмады. Құлшылық жасауға асыққандардың біразы айт намазын мешіт ауласында оқыды. Жиналған жамағаттың тілегі бір – жұртымыздың амандығы, еліміздің тыныштығы және Тәуелсіздігіміздің мәңгілік болуы.


Асылбек Данияр 

Хабарламаларға жазылу