Қазақ пен қырғызға ортақ тұлғаларды екі ел бірге дәріптеуге мүдделі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ пен қырғызға ортақ тұлғаларды екі ел бірге дәріптеуге мүдделі

27.06.2023

Қазақ пен қырғызға ортақ тұлғаларды екі ел бірге дәріптеуге мүдделі. Бүгін сенат спикері Мәулен Әшімбаев елімізге ресми сапармен келген Қырғыз Жогорку Кенешінің төрағасы Нұрланбек Шакиевпен кездесіп, мемлекеттер арасындағы тарихи -мәдени байланыстарға тоқталды. Тараптар Мұхтар Әуезов пен Шыңғыс Айтматовтан қалған мұраны сақтап, рухани құндылықтарымызды әрі қарай насихаттау жөнінде ой қозғады. Айта өтейік, Қазақстанда бүгінде 40 мыңнан астам қырғыз этносының өкілі тұрады. Қазақстан Халқы Ассамблея аясында 10 өңірлік қырғыз этномәдени бірлестігі жұмыс істейді.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

Бүгінде қазақ-қырғыз қарым-қатынасы жаңа биікке көтеріліп келеді. Оған екі елдің мемлекет басшылары тікелей ықпал етуде. Жоғары сенімге негізделген осындай байланыстар барлық бағыттардағы ынтымақтастығымызға оң әсерін тигізуде.

Нұрланбек Шакиев, Қырғыз Республикасы Жогорку Кенеш Төрағасы:

Қазақ пен қырғыздың арасындағы бекем достық пен біртуғандық көптеген жыр-дастандар мен шығармаларға арқау болғанын білеміз. Қырғыздың «Манас» жырының бүгінге жетуінде қазақтың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезовтың рөлі зор. Осы орайда қырғыздың біртуар перзенті Шыңғыс Айтматовтың 95 жылдығы Қазақ елінде де кең көлемде аталып өтіп жатқанына айрықша алғысымызды білдіреміз.


Хабарламаларға жазылу