Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында «Қорғастың» баламасы пайда болмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында «Қорғастың» баламасы пайда болмақ

23.06.2023

Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында «Қорғастың» баламасы пайда болмақ. Мұнда екі ел бірлесіп индустриялық сауда-логистикалық кешенін салуды көздеп отыр. Ол Қарасу және Ақтілек бекеттерінің ауданында орналаспақ. Сауда-логистикалық кешені 2026 жылдың екінші жартыжылдығында пайдалануға беріледі деп жоспарланған. Кейін онда сауда алаңдары ашылып,түрлі көрмелер ұйымдастырылмақ. Әрі өндірістік, ғылыми-техникалық, инвестициялық, коммерциялық қызметтер көрсетіледі күтіліп отыр. 

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу