Италияда Сильвио Берлускониді жерлеу рәсімі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Италияда Сильвио Берлускониді жерлеу рәсімі өтті

15.06.2023

Италияда бұрынғы премьер-министрі Сильвио Берлускониді мемлекеттік деңгейде жерлеу рәсімі өтті. Сол үшін Миланның орталық алаңы мен кафедралдық соборына мыңдаған адам жиналды. Олардың қатарында саясаткерлер, кәсіпкерлер, қарапайым тұрғындар мен туған-туыстары, достары болды.

Берлускони маусымның 12-де лейкемиядан 86 жасында дүние салды. Ол көзі тірісінде Италия үкіметін ешқандай саяси тәжірибесіз төрт рет басқарды.

Берлусконидің алып бизнес-империясына ақпарат құралдары, қаржы, құрылыс, кино, спорт салалары мен қуатты партия кіргені белгілі.


Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу