Абай облысындағы өрт оқшауланды: Тұрғындар бүгін үйлеріне қайтарылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Абай облысындағы өрт оқшауланды: Тұрғындар бүгін үйлеріне қайтарылады

15.06.2023

«Семей Орманы» орман резерватындағы жанып жатқан аумақ тікұшақпен әуеден тексеріліп, кеше сағат 21:00 де таралауы тоқтатылғандығы жайлы хабар берілген. Қазір жанған аумақта жұмыстар әлі де болса жалғасып жатыр. Жалын шарпыған жерлерді айналдыра жырту, топырақ себу жүргізілуде. Қозданып жатқан ошақтарды, шала жанған ағаштарды толықтай сөндіру жалғаса береді. Елдімекендерге төнген қауіп толық сейілгендіктен Каштак, Талица, Поливинки мен Бұлақ ауылының эвакуацияланған тұрғындары бүгін түгелдей үйлеріне қайтарылады.


Ержан Жақып

Хабарламаларға жазылу