Бельгияда мыңдаған мемлекеттік қызметкер кадр тапшылығына қарсы шеруге шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бельгияда мыңдаған мемлекеттік қызметкер кадр тапшылығына қарсы шеруге шықты

13.06.2023

Бельгияда мыңдаған мемлекеттік қызметкер кадр тапшылығына қарсы шеруге шықты. Наразылық акциясына денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру салаларында жұмыс істейтіндер қатысқан. Полицияның мәліметінше, шеруге шамамен 7 мыңдай адам жиналды. Бұған дейін аталған сала қызметкерлері қаңтарда жаппай көшеге шыққан еді. Олардың айтуынша, коронавирус пандемиясынан кейін жұмыс күші азайып, көбінің зейнетке шығу жасы таяған. Себебі мұның алдында жұмыстан қысқарту белсенді түрде жүргізілген. Соның нәтижесінде, жұмыс күші жетпей, бар салмақ қалған қызметкерлерге түсті. Жағдайды жеңілдету үшін демонстранттар жалақыны өсіруді, еңбек ету жағдайларын жақсартуды және жұмыс уақытын қысқартуды талап етіп отыр.

Арай Төлеген

Хабарламаларға жазылу