Теміртауда металлургиялық комбинатта коксты газ жанып, ауаға қою қара түтін тараған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Теміртауда металлургиялық комбинатта коксты газ жанып, ауаға қою қара түтін тараған

08.06.2023

Күні кеше Теміртауда металлургиялық комбинатта коксты газ жанып, ауаға қою қара түтін тараған. Ақау шыққан аумақ тез залалсыздандырылып, жалын сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Қазір тексеріс жүріп жатыр. Теміртауда ауаға тарайтын өндірістік зиянды қалдықтардың 87 пайызы «Арселор Миттал Теміртауға қарасты кәсіпорындарға тиесілі. Өткен жылы ол 231 мың тоннаны құраған. Коксохимия, әктеу цехтары, домна пештері және №2, №3 жылу энергия орталықтарының жұмысы талапқа сай емес. Оларда өрескел заңбұзушылықтар анықталып, 1 миллиард теңге айыппұл салынған. Мәжіліс депутаттары металлургиялық комбинатта болып, экология, энергетика және өндірістік қауіпсіздік мәселелерді талқылады.

Еділ Жаңбыршин, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Біз келген уақытта сол өздерінің жаңадан салынған электрофильтрді өшіріп тастаған. Айтуларынша ол жақсы жұмыс істейді дейді. Бірақ біздің күмәніміз бар, ол шын мәнінде жақсы жұмыс істеп тұрса жұмыс барысында көрсетулері керек еді. Екінші барған жеріміз ТЭС ПВС дейді. Ол жерде мұржаны қарадық. Жалпы оны салып бітірген, бірақ газ жүретін жолы бар құбыры соны қоспаған.

Компанияның жылу энергия өндіруші кәсіпорындары да әбден тозған. Қазандықтарды жаңалап, жабдықтарды жөндеу тым баяу. Компанияға қарасты шахталар мен зауытта және басқа да кәсіпорындарда өндірістік қауіпсіздік ақсап тұр.

Дәуренбек Халел, көрікші:

Жұмыс ауыр 12 сағат жұмыс істейміз таңертең 7-ден кешке 7-ге едйін. Осыған байланысты зейнет жасын түсірсе бірінші мәселе, екіншіден осындай жұмыс болған соң кішкене айлық өсірсе.

Руслан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу