Абай облысында орман тағы өртке оранды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Абай облысында орман тағы өртке оранды

08.06.2023

Абай облысының «Семей орманы» табиғи реверватында тағы да өрт шықты. Қызыл жалын Бородулиха ауданындағы Батпаев орманшылығының аумағында тұтанған. Тілсіз жаумен күреске 60-қа жуық адам мен 20-дан астам техника жұмылдырылды. Төтенше жағдайлар департаментінің дағдарыс орталығында жедел штаб құрылды. Алдын ала болжам бойынша 0,3 гектар аумақ отқа оранған. Қазір өңірде ауа температурасы 38-40 градусқа дейін көтеріліп тұр. Өрт аумағы ұлғайып барады. Аптап ыстық тілсіз жаудың бетін қайтаруға кедергі келтіруде.

Ержан Жақып

Хабарламаларға жазылу