Әлихан Смайылов ТМД елдерін сауда-саттықтағы тосқауылдар мен шектеулерді жоюға шақырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлихан Смайылов ТМД елдерін сауда-саттықтағы тосқауылдар мен шектеулерді жоюға шақырды

08.06.2023

Премьер-Министр Әлихан Смайылов ТМД елдерін сауда-саттықтағы тосқауылдар мен шектеулерді жоюға шақырды. Сочи қаласына жұмыс сапары аясында үкімет басшысы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше елдер үкімет басшылары кеңесінің кезекті отырысына қатысты. Шағын құрамда өткен басқосуда тараптар ТМД-дағы экономикалық байланыстың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты. Кеңейтілген құрамдағы кездесуде өнеркәсіптік кооперацияны дамытуға баса назар аударылды. Электронды сауда, жасыл экономикаға көшу мәселелері де назардан тыс қалмады. «Интеграциялық байланыстарды тереңдету және көпжақты ынтымақтастықты дамыту үшін ТМД-ның маңызы орасан» деді Үкімет басшысы.

Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-Министрі:

Қазақстан мен ТМД мемлекеттері арасындағы тауар айналымының көлемі өткен жылы 9% - ға өсіп, 36 млрд доллардан асты. Бұл негізінен ТМД-ның еркін сауда аймағы туралы келісімді жүзеге асыру есебінен қамтамасыз етілді. Сонымен қатар қазіргі жағдайда біз ТМД елдерінде өзара сауда-саттықтағы тосқауылдарды, шектеулерді жою бойынша жұмысты айтарлықтай күшейтуіміз қажет.

Индира Бегайдар

Хабарламаларға жазылу