Н.Әлтаев аса ірі көлемде пара алды деген күдікпен ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Н.Әлтаев аса ірі көлемде пара алды деген күдікпен ұсталды

08.06.2023

Ел Парламенті Мәжілісінің бұрынғы депутаты Нұржан Әлтаев аса ірі көлемде пара алды деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет хабар таратты. Әзірге тергеу мүддесіне сай өзге мәлімет жарияланбай отыр. Айта кетейік, Нұржан Әлтаев әр жылдары ауыл шаруашылығы, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерінде қызметтер атқарған, сондай-ақ Мәжілістің VI шақырылымының депутаты болған.

Азамат Бейбітұлы

Хабарламаларға жазылу