Елде бренд өнімдерді қолдан жасауға шектеу күшейтіледі
Бренд өнімдерді қолдан жасауға шектеу күшейтіледі. Сенат тиісті заңды мақұлдады. Жалған тауар белгілерін және географиялық көрсеткіштерді пайдаланудың алдын алу жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімге, ТМД Үкімет басшылары 2021 жылы мамырда қол қойған. Құжатта тауарлардың көшірмесін жасау туралы ақпарат алмасу, өнеркәсіптік меншік саласында бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу, зияткерлік меншік құқықтарын қорғау бойынша кадрларды даярлау, олардың біліктілігін арттыру жөніндегі бірлескен іс-шаралар көзделген.
Қайрат Тастекеев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің тауарларды дараландыру құралдарын қорғаудың ұлттық жүйелерін одан әрі дамыту жөніндегі күш-жігерін біріктіруге бағытталған. Бүгінгі таңда мемлекетішілік рәсімдерді Армения, Беларусь, Өзбекстан және Қырғызстан жүргізеді.
Дарын Сағитов
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Трамп Оңтүстік Кореямен арадағы әскери жаттығудың ауқымын қысқартуға бұйрық берді
17.08.2026, 20:35
Құрылтай сайлауы – демократиялық дамудың жаңа кезеңі
17.08.2026, 20:32
АҚШ-та 3 дауыс беру учаскесі жұмыс істейді
17.08.2026, 20:29
Шымкентте Шәмші шығармашылығы дәріптелді
17.08.2026, 20:12
Алматы облысында авиациялық мереке өтті
17.08.2026, 20:09
Үгіт-насихат науқанының соңғы аптасы басталды
17.08.2026, 20:07
Жаңаөзенде енді су тапшылығы жоқ
17.08.2026, 20:07
Сауалнама: Халықтың басым көпшілігі сайлауда дауыс беруге дайын
17.08.2026, 20:06