Атырау облысында 36 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы тоқтап тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырау облысында 36 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы тоқтап тұр

06.06.2023

Атырау облысында 36 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы тоқтап тұр. Баспаналарды тұрғызу үшін қазынадан 26 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген. Нысанның 28-і қала аумағында, ал қалғаны аудандарда орналасқан. Сақалды құрылыстың алды 4 жыл бұрын басталған. Жоспарға сай, жыл соңына дейін тапсырылуы тиіс еді. Жобаның кестеден кешігуіне мердігер компаниялардың жауапсыздығы себеп болып отыр. Жұмысқа салғырттық танытқандар тізімінде «Дәнекер», «Көлсай», «Каспий кадрлар қауымдастығы» мен өзге де серіктестіктер бар. Жеке тұрғын-үй коооперативтері де, саладағы мәселені ушықтырған. Қазір үлескерлердің қаржысын жинап алған компаниялардың кесірінен, 6 баспана тапсырылмай тұр. Әкімдік құрылыс компанияларымен соттасып әбігерге түсіп, жатқанда, өңірде пәтерге зәру 29 мыңнан астам адам өз кезегін күтіп жүр.

Нұрберген Құсайынов, Облыстық құрылыс басқармасының басшысы:

Талғайраң ықшам ауданында 24 көпқатарлы тұрғын-үй жұмыстары жүргізіліп жатыр. Проблемасы тұрғын үйде емес, оған тартылатын инженерлік инфрақұрылым желісінде. Яғни, бұл жұмыстарды жүргізуші мердігер мекеме тараптарынан жұмыстарын аяқтамау фактісі орын алған.Тапсырыс беруші мердігерді сотқа берді, күні бүгінде келісімшарттары бұзылды. Қазір қайтадан мердігер мекемені анықтау жұмысы жүріп жатыр.

Жандос Темірғали

Хабарламаларға жазылу