Мемлекеттік рәміздер – Тәуелсіздіктің нышаны - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекеттік рәміздер – Тәуелсіздіктің нышаны

03.06.2023

Биыл Мемлекеттік рәміздердің қабылданғанына 32 жыл толады. Ал 2007 жылы 1Мемлекеттік рәміздер туралы1 конституциялық заң қабылданды. Осы заңға сәйкес, жыл сайын 4 маусым - Мемлекеттік рәміздер күні ретінде атап өтіледі.

Періштелі шаңырақ – балабақша. Мұндағы әр таң осылай атады.

Әзірге Әнұран – бала үшін таппақ. Әуелі сөзі мен әуені жатталады, кейін бірте-бірте мән-мағынасы жүрекке жазылады, сөйтіп, Әнұран – өмірлік ұранға айналады.

Райгүл Намазбаева, №5 «Ақбота» балақшасының әдіскері:

Бізде ата-ана балалар бар да, осы Әнұранға үлгермей қалдым деп жылайды деп ата-аналар айтады. Осында қабылдап жатқанда Әнұранға үлгермей қалдым деп жылап жатады. Бұдан баланың патриоттық сезімін оянғанын білуге болады.

Рәміз – қай жерде де қастерлі, құнды. Бірақ, сол рәміздерді көргенде көкейіңді мақтаныш ерекше кернеп, тұла бойыңды елжіретіп жіберетін кезі болады. Көбіне жаһандық жарыстарда...

Өзбекстанда бокстан Әлем чемпионаты өтті. Марапаттау рәсімінде регламент бойынша әнұран таспасы үзілді. Бірақ, ұланның ұраны жүрегінде, көкейінде әлі де сайрап жатты.

Асланбек Шынбергенов, Бокстан Әлем чемпионы:

Көзіме сол кезде еріксіз жас келді. Қазақ елінің туын биікке көтеріп, Қазақ еліне жеңіс сыйлағаным үшін.

Қазақтың туы талай биікте желбіреген. Асқақ таулардың шыңына тігіліп, Антрактида мен Арктикада, тіпті, ғарышта да болды. Балалардың парығымен қатар, зердесіне де жазылып жатыр.

Ал Ерлан қазақтың ең үлкен туын көтеріп жүрген азамат. Ол көтеретін тудың салмағы - 100 келіден асады, ұзындығы - 30, ені - 15 метр.

Ерлан Сатжанов, кәсіпкер:

Өзіміздің туды өзіміздің цехта шығарамыз. Цехта арнайы жіппен тігіледі. Арнайы қапшығы бар соған салынып, осында әкелінеді. Сосын осы жерден қапшықпен тұрған жерінен көтеріледі.

Азамат Бейбітұлы, тілші:

Қорыта айтқанда, Елтаңбамыз төрімізде жарқырап, Әнұранымыз әуелете шырқалып, көк Туымыз биікте мәңгілік желбірей берсін. Себебі, рәміздеріміз бұл егемендіктің бас төлқұжаты.

Азамат Бейбітұлы


Хабарламаларға жазылу