Қытайлықтар көшеде қолшатырмен жүруге мәжбүр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайлықтар көшеде қолшатырмен жүруге мәжбүр

02.06.2023

Қытайдың оңтүстігі мен шығысында аптап ыстық. Тұрғындар көшеде қолшатырмен жүруге мәжбүр. Метеорологиялық қызметтің болжамынша, алдағы апталарда сынап бағанасы 40 градусқа көтерілуі мүмкін. Осыған байланысты кәсіпорындар жаппай кондиционер қосып, энергия жүйесіне үлкен салмақ түседі деген болжам айтылып отыр. Мұндай ауа райы егістік алқаптарын қуратып, азық-түлік бағасын қымбаттатуы ықтимал. Пандемиядан енді ес жиып келе жатқан экономиканың өсімі тағы тежеле ме деген қауіп бар.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу