Елімізде балаларға арналған «Phenomenal kids» жобасының тұсаукесері өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде балаларға арналған «Phenomenal kids» жобасының тұсаукесері өтті

02.06.2023

Елімізде балаларға арналған «Phenomenal kids» танымдық ойын-сауық жобасының тұсаукесері өтті. Онда тағылымды видео материалдар көрсетіледі. Қазақ тілінде әзірленген жоба мектеп жасындағы және балабақшаға баратын сәбилерге арналған.

«Phenomenal kids» танымдық ойын-сауық жобасының авторы белгілі продюсер - Азат Абыкен. Бұл идея пандемия уақытында туған екен. Жаһан жұртының жанары смартфонға байланған кез. Жобаның мақсаты – өскелең ұрпақты этикалық, моральдық және мәдени мінез-құлық нормаларының призмасы арқылы оңай қабылданатын форматта тәрбиелеу.

 Азат Абыкен, «Green case» компаниясының продюсері:

 Елімізде туылып жатқан балаларды, шамамен 10 миллион баланы біздің жаңғырту қамтиды деп сенеміз. Біздің балалар сапалы да, ұлттық бағыттағы өнімдерді көріп өсуі керек. Осы мақсатқа жету үшін құлшынысымыз қуатты. Бұл біздің бірінші маусым, алдағы уақытта демеуші серіктестер табылады деп ойлаймыз. Жылдың аяғына қарай екінші маусымды ұсынамыз.

Жобада ертегілер, бесік жырлары және балаларды дамытуға бағытталған туындылар ұсынылады. Бұл ұйымдастырушылардың қазақстандық балаларға арнаған тартуы.

Әскер Әбдірахманов, композитор:

Енді бастадық, Алла жазса сюжетті мультфильмдерге көңіл аударамыз деп ойлаймыз. Қазір бесік жырынан бастап, дамытқышқа дейін бар. 

Жоба қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде ұсынылған. Туындылар әлеуметтік желілер мен барлық интернет кеңістігіндегі платформаларда қолжетімді болмақ.

Азамат Бейбітұлы

Хабарламаларға жазылу