Түрік лирасының бағамы құбылып тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түрік лирасының бағамы құбылып тұр

31.05.2023

Түрік лирасы құнсыздануын жалғастыруда. Қазір валюта сату орындарында бір доллар 20-21 лирадан саудалануда. Сайлауға дейін 19 лирадан сатылған еді. Дегенмен мамандар бұл уақытша құбылыс екенін айтты. Себебі Түркия статистика агенттігінің бүгін таратқан ақпаратына сай 2023 жылдың алғашқы тоқсанында түрік экономикасы 4 пайызға өскен. Ал экспорт өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 24 пайызға артқан. Жыл басында болған алапат жер сілкінісі мен екі турға созылған президент сайлауы түрік экономикасына кері әсер еткен. Экономисттер жылдың екінші жартысында Түркия экономикасы нығайып, инфляция төмендейді деген болжам жасап отыр.

Ферман Демиркол, экономист:

Соңғы жылдары Түркия пайыздық мөлшерлемені төмендету арқылы инфляцияны да төмендету бағытын ұстанып келеді. Жақында пайыздық мөлшерлеме 8,5 пайызға дейін төмендетілді. Оның үстіне жақында өз газымыз бен мұнайымызды шығары бастадық. Аз уақытта бұл жемісін бере бастайды. Түркия экономикасы жылдан-жылға күшейіп келе жатқаны сөзсіз. Бұл өз кезегінде валютамыздың нығаюына әкеледі.

Айдос Әшімұлы

Хабарламаларға жазылу