Мемлекет басшысы сенім грамоталарын қабылдады
Елдестірмек елшіден. Бүгін Ақордада Мемлекет басшысы 5 елдің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады. Пәкістан, Оңүстік Корея, Филиппин, Шри-Ланка және Ангола республикаларының өкілдері Президентке сенім құжатын тапсырды. Қасым-Жомарт Тоқаев оларға Қазақстандағы дипломатиялық миссияларының ресми басталуымен құттықтап, екіжақты ынтымақты одан әрі нығайту ісінде табыс тіледі.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Қазақстан бейбітшілікке негізделген сыртқы саясат жүргізеді. Біз ынтымақтастыққа, соның ішінде сіздердің елдеріңізбен тығыз қарым-қатынасқа ашықпыз. Сіздердің миссияларыңыз өте табысты болады деп сенемін. Қазақстан Үкіметі мен Президент Әкімшілігі Қазақстандағы миссияларыңызға қолдау көрсету үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды. Сіздердің елдеріңізбен ынтымақтастықты нығайта отырып, зор нәтижеге қол жеткізе аламыз деп ойлаймын.
Шерхан Жамбыұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бүгін XXV қысқы Олимпиада ойындарының жалауы желбірейді
06.02.2026, 20:59
Әлем жаңалықтарына шолу
06.02.2026, 20:15
Қарлы боранда қалғандар құтқарылды
06.02.2026, 20:14
Жойқын желден Жаңатаста 10 үйдің шатыры ұшты
06.02.2026, 20:12
Мәжіліс төрағасы Беларуське ресми сапармен барды
06.02.2026, 20:10
Астанада 45 жол-көлік оқиғасы тіркелді
06.02.2026, 20:09
ЮНИСЕФ: Желіге байланған әр бесінші бала зиянды контент қарайды
06.02.2026, 20:08
«Ауыл» партиясы жаңа Конституция жобасын қолдайды
06.02.2026, 20:08