Еліміздегі 8 аймақта негізгі капиталға инвестиция тартылмаған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздегі 8 аймақта негізгі капиталға инвестиция тартылмаған

29.05.2023

8 аймақта негізгі капиталға инвестиция тартылмаған. Ең төменгі нәтиже Ұлытау, Абай мен Жамбыл облысына тиесілі. Инвестициялық штабтың отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов уәдесін орындай алмаған аймақ басшыларын сынға алды. «Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша, жауапты тұлғаларға шара қолданылады», - деді. Биыл елде 2 миллиард теңгеге 280-нен астам инвестициялық жобаны іске қосу жоспарланған. Әлихан Смайылов Мемлекет басшысының Үкіметтің алдында 2029-жылға дейін 150 миллиард доллар тікелей шетелдік инвестиция тарту міндеті тұрғанын жеткізді.  

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу