Сербияда зорлық-зомбылыққа қарсы шеру өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сербияда зорлық-зомбылыққа қарсы шеру өтті

29.05.2023

Сербия астанасы Белградта ондаған мың адам зорлық-зомбылықтың жиілеуіне қарсы шеруге шықты. Мамыр айының басында бұл елде екі бірдей атыс болған еді. Сол қанды оқиғада 18 адамның өмірі қиылған. Наразылық акциясына шыққан оппозиция өкілдері үкіметтің әрекетсіздігін айыптады. Бұған қоса олар бұқаралық ақпарат құралдарының зорлық-зомбылықты насихаттауына тыйым салу керек дейді. Ал Сербия билігі болса, демонстранттардың айыптауларын жоққа шығарып отыр. Яғни, шеру оппозицияның мүддесі үшін ұйымдастырылған деп мәлімдеді.  

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу