Хоккейден әлем чемпионаты Германияда өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Хоккейден әлем чемпионаты Германияда өтеді

26.05.2023

2027 жылы хоккейден әлем чемпионаты Германияда өтеді. Бұл туралы бүгін өткен халықаралық хоккей федерациясының конгресінде белгілі болды. Әлем біріншілігін ұйымдастыру құқығына Қазақстан да таласты. Алайда дауыс берушілердің 75 пайызы Германияны қолдап дауыс берген. Қалған 25 пайызының таңдауы Қазақстанға түскен. Бастапқыда Норвегия да турнирді өткізуге үміткер болды, бірақ қаңтарда бұл ел өтінімді қайтарып алды. Сонымен бірге, ұлттық хоккей федерациясының өкілдері мен жанкүйерлер Финляндиядағы стадионда ерекше флешмоб ұйымдастырды. Қазақстанның алып туын жайып, қолдау білдірді.

Асылбек Данияр


Хабарламаларға жазылу