Елордада үздік әлеуметтік жобаларды іріктеу басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада үздік әлеуметтік жобаларды іріктеу басталды

26.05.2023

Елордада үздік әлеуметтік жобаларды іріктеу басталды. Байқауға қатысып жатқан 16 жобаның арасынан топ жарған үшеуі грантқа ие болады. Іскерлікті ширату үшін мамандар тарапынан кеңес беріліп, әлеуметтік желіде қолдау көрсетіледі. «Өрелі ұрпақ» әлеуметтік кәсіперлік мектебі биыл аймақтардағы үкіметтік емес ұйымдарға стратегиялық жоспар құру бойынша онлайн курстар ұйымдастырды. Онда 175 адам білім алды. Астана, Атырау мен Қарағандыда қызығушылық танытқандар оффлайн оқыды. Байқауға іріктелген жобалар арасында арт-терапия, иппотерапия, ДЦП дертіне шалдыққан бүлдіршіндер мен әлеуметтік осал топтарға қажет қызметтер де бар.

Арман Ақбердиев, бизнес-тәлімгер:

Әлеуметтік кәсіпкерлік бізде дамып келе жатқан бағыттардың бірі. Бұл енді қандай да бір қоғамда пролблеманы шешу керек болады. Ақтау қаласынан мысалы, инстульт адамдарды емдеу жобасы бар. Көптеген жобалар қатысып жатыр. Бұл әрине қуантатын жағдай қазіргі кезде.

Самал Калимова, байқауға қатысушы:

Шығыс Қазақстан облысы, Глубокое ауданы, Глубокое кентінен келіп отырмын. Менің жобам зейнеткерлікке басынан аяқ құжаттарын дайындап беру. Зейнеткерлікке тақаған адамдармен жұмыс жасау. Дайын құжаттарды зейнетке шыққан адамдарға табыстау.

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу