Саяси қуғын-сүргін тарихына арналған кезекті құжаттар жинағы шығарылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Саяси қуғын-сүргін тарихына арналған кезекті құжаттар жинағы шығарылады

24.05.2023

Биыл «саяси қуғын-сүргін тарихына арналған кезекті құжаттар жинағын» шығару жоспарланып отыр. Бұл туралы Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен өткен арнайы комиссия отырысында айтылды. Ғалымдар мен сарапшылар өткен ғасырдың жиырмасыншы, елуінші жылдарындағы материалдарды терең талдауға арналған жобалардың нәтижесін таныстырды. Жиын қорытындысы бойынша Мемлекеттік комиссияның баспа қызметін дамыту, архив базасын жүйелеу және қорларға біріктіру ісін жалғастыру секілді негізгі бағыттарына қатысты тапсырмалар берілді.

Шерхан Жамбылұлы

Хабарламаларға жазылу