Елімізде аграрлық өнімдер көлемін 40 пайызға арттыруға мүмкіндік бар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде аграрлық өнімдер көлемін 40 пайызға арттыруға мүмкіндік бар

24.05.2023

Елімізде шығарылатын аграрлық өнімдер көлемін 40 пайызға дейін арттыруға мүмкіндік бар. Тек ғалымдардың тың жобасын бизнесте қолдану қарқынын арттыру керек.

Бүгін осы мәселе Алматыда талқыланды. 22 павильонға жайғасқан өндірісті қажет ететін отандық өнімдер «Ғылым қорының» назарына ұсынылды. Мәселен, тыңайтқыш шығаратын зауыттың мамандары фермерлер импорттық өнімнің бағасы біздікінен екі есе қымбат болса да отандық тауарды алуға асықпайды дейді. Ал глютенсіз макарон шығаруға білек сыбана кіріскісі келетін цех жетекшілері қаржылық қолдауға мұқтаж.

Ақылбек Күрішбаев, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің ректоры:

Арнайы «Ғылым қоры» құрылған бізде. Сол қор ақша бөледі өндіріске енгізу үшін. Екі мәселе бар. Жаңағы конкурсты 3-ақ жылға жариялайды. 3 жылдың ішінде жетістіктерді дайындап алады да, бірақ өндіріске енгізу мүмкін емес. Екінші мәселе бізге арнайы жүйе керек. Мынау ғалымдар тек қана ғылыми жұмыстарды өткізбей, грант болады, соны көбейтуіміз керек.

Әйгерім Ердәулет  

Хабарламаларға жазылу