ОҚО Ж.Шанин атындағы академиялық драма театрының жаңа маусымы «Абылайдың арманы» қойылымымен ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ОҚО Ж.Шанин атындағы академиялық драма театрының жаңа маусымы «Абылайдың арманы» қойылымымен ашылды

07.10.2015
ОҚО Ж.Шанин атындағы академиялық драма театрының  жаңа маусымы «Абылайдың арманы» қойылымымен ашылды

Қойылым шымылдығы хан Абылайдың ұлы Қасыммен оңаша сырласқан сәтімен ашылады. Сахнадағы негізгі оқиғалар: ойраттар арасындағы билікке талас, Әмірсананың қазақ даласына қашып келіп көмек сұрауы, жоңғарлардың өзара соғысы төңірегінде өрбиді. Осы сәтті ұтымды пайдалана білген Абылай бір кездері жау қолында кеткен Ертістің сағасы мен Зайсанның жайлауын қайтарып алады.

Абылай кезеңі - қазақ халқының қаһармандық дәуірі. Ал тағдырдың алуан қиындықтарынан өткен бабалар ісі тарих пен тағылым. Ерліктің арқауы, елдіктің бастауы.

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

Хабарламаларға жазылу