Сингапурдың 200-ден астам кәсіпкері Қазақстанға ақша құйып, жұмыс істеуге ниетті. Бүгін олар бизнес форумында 12 келісімге уағдаласты. Келісімдердің жалпы сомасы 275 млн доллардан асады. Кәсіпкерлер әсіресе тау-кен өнеркәсібі, құрылыс, көлік-логистика, білім салаларына қызығушылық танытып отыр.
Жиында сөз сөйлеген Сингапур президенті Қазақстан - Орталық Азиядағы ең маңызды серіктесіміз. Сондықтан бүгінгі келісім ынтымақтың шегі емес. Тауар айналымы мен ортақ жобаларды әлі де арттыра беретінімзге сенімдімін, - деді.
Марат Есенов, «Kazakh Invest» ҰК аймақтық блогының басшысы:
Алматы облысында 4 қала салынатын болып жатыр. Спутник қалалар. Осы бағытта Сингапур компаниясы жобасын жасайды. Білім саласында да үлкен жоба бар. Сингапур компаниясы осы Астана қаласында халықаралық үлкен мектеп салады.
Оңғар Алпысбайұлы
