Қазақстан мен Сингапур арасында бірлескен кәсіпорындар ашылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан мен Сингапур арасында бірлескен кәсіпорындар ашылады

22.05.2023

Қазақстан мен Сингапур арасында бірлескен кәсіпорындар ашылады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген ел Президенті Халима Якобпен келіссөздер жүргізді.

Бұл Сингапур Президентінің Қазақстанға және Орталық Азияға алғашқы сапары. Салтанатты рәсімдерден кейін тараптар екі ел арасындағы саяси диалогты нығайту, сауда-экономикалық ынтымақты тереңдету және мәдени-гуманитарлық байланыстарды кеңейту мәселелеріне баса мән бере отырып, екі ел қатынастарының қазіргі жай-күйі мен перспективасын жан-жақты талқылады. Мемлекет басшысы бұл сапардың өзара тиімді ынтымақтың жаңа кезеңіне жол ашатынына сенім білдіріп, Қазақстан Сингапурмен арадағы қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға ниетті екенін жеткізді. Биыл екі мемлекеттің бір-бірімен дипломатиялық қатынас орнатқанына 30 жыл. Бүгінде елімізде 140-тан астам сингапурлық компания мен бірлескен кәсіпорын жұмыс істеп жатыр. Сапар аясында мемлекеттер басшыларының қатысуымен екі елдің ресми делегация мүшелері бірқатар құжатқа қол қойды.

Асима Нұрбайқызы

Хабарламаларға жазылу