Елена Рыбакина әлемнің төртінші ракеткасы атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елена Рыбакина әлемнің төртінші ракеткасы атанды

22.05.2023

Сүйінші хабар. Отандасымыз Елена Рыбакина әлемнің төртінші ракеткасы атанды. Теннисші 5090 ұпай жинап, WTA рейтингісінде 6-дан 4-ші сатыға көтерілді. Төртінші орындағы франциялық Каролин Гарсияны да басып озды. Қазақстандық спортшының Рим мастерс турнирінің финалына шыққанын бұған дейінде айтқан едік. Ол украиналық Ангелина Калининамен жарысқа түсіп, ептілігін көрсетті. Финалдан кейін Рим мастерс турнирінің чемпионы - Елена Рыбакина барлық жанкүйерлерге алғысын айтты. Жаңбырға байланысты қайта-қайта кейінге қалдырылған ойындардың оңай болмағанын жеткізді.

Азамат Бейбітұлы

Хабарламаларға жазылу