Бүгін конструктор көліктерді заңдастыру басталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін конструктор көліктерді заңдастыру басталады

22.05.2023

Бүгіннен бастап ел аумағында конструктор көліктерді заңдастыру басталады. Ол үшін әуелі онлайн өтінім беріп, оны электронды тіркеу керек. Өтініш тиісті тексерістен өтсе көлік электрондық мақұлдау парағына енгізіледі. Содан кейін өтініш беруші қайтадан онлайн өтінім береді және электронды мақұлдау парағы бойынша алдын ала тексеруден өте бастайды. Өтініш беруші сарапшы-криминалистің тексерісінен өту үшін көлігімен бірге қарау пунктіне жіберіледі. Ең соңында көлік иесі барлық қажетті құжаттарды, оның ішінде диагностикалық картаны ұсынады және 200 000 теңге мөлшерінде мемлекеттік баж төлейді. Еске салайық, заңдастыру 1 шілдеге дейін жалғасады.

Азамат Бейбітұлы

Хабарламаларға жазылу