Қазақстан азаматтары 31 елге визасыз бара алады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан азаматтары 31 елге визасыз бара алады

19.05.2023

Қазақстан азаматтары ұлттық төлқұжатпен әлемнің 195 елінің 31-іне визасыз сапарлай алады. Сонымен қатар, алты ел қазақстандықтарға визаны ұшып барған кезде әуежайда береді. Атап айтқанда әуежайға жеткеннен кейін виза беретін елдердің қатарында Мысыр, Замбия, Маврикий, Намибия, Сейшел аралдары мен Тайланд бар. Қазақстандықтар Өзбекстанға барғанда сол мемлекеттің аумағында бес күннен астам болған жағдайда, ал Әзербайжан, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстанда отыз күннен астам болған жағдайда құзыретті органдарда тіркелуге міндетті. Қазақстан азаматтарына Аргентина, Бразилия, Малайзия, Мальдив Республикасы, Біріккен Араб Әмірліктеріне отыз күнге дейін, Ресей, Украина, Түркияда тоқсан күнге дейін визасыз сапарлауға болады.

Дарын Сағитов


Хабарламаларға жазылу