Қазақстан бітімгерлері Ливанда жүктелген міндеттерді орындап шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан бітімгерлері Ливанда жүктелген міндеттерді орындап шықты

18.05.2023

Қазақстан Қарулы күштерінің бітімгерлері Ливанда жүктелген міндеттерді орындап шықты. Таяу Шығыс еліндегі жауапты қызметті сәтті аяқтаған әскерилерді Алматы халықаралық әуежайында салтанатты қарсы алу іс-шарасы өтті. Отандық әскерилер Біріккен Ұлттар Ұйымының Ливандағы миссиясының «Шығыс» секторында орналасты. Олар Халықаралық ұйым мандаты аясында жаяу және мобильді патрульдеуді жүзеге асырды, Жол тосқауылдарының жұмысын ұйымдастырумен айналысты, Үнді сарбаздарымен бірге басқа да міндеттерді орындады. Жақында бітімгерлер арнайы демалыс орындарында емделуден өтеді. Содан кейін тұрақты орналасқан жерлері бойынша қызмет атқаруға кіріседі. Айта кетейік, бүгінге дейін Үндістан бітімгерлік тобының құрамында 500-ден астам қазақстандық әскери қызметші Ливандағы миссияны орындауға қатысты.

Темірлан Күмісбеков, бітімгерлік тобының командирі, аға лейтенант:

Біздің бітімгерлік миссиямыз 19-қазаннан басталып, мамыр айында бітті. Осы бітімгерлі миссиясы аясында біздің жауынгерлер жергілікті патруль, күнделікті кезекшілік, ауыл арасын аралау секілді жұмыстарды атқарды. Бізідң бітімгерлік миссиямызды атқаруымызға «Шығыс» секторының қолбасшысы «өте жақсы» деген баға қойды.

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу