АҚШ-тың Монтана штаты ТikTok-қа тыйым салды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-тың Монтана штаты ТikTok-қа тыйым салды

18.05.2023

АҚШ-тың Монтана штаты елде бірінші болып «Тик-Токқа» тыйым салды. Бұл туралы заңға жергілікті губернаторы қол қойған. Сондықтан 2024 жылдың қайңтарының 1-нен бастап қытайлық видео платформа Google and Apple-дің қосымшалар дүкенінде заңсыз болып танылады.

Қазір «Тик-Токтың» Құрама Штаттарда 150 миллион қолданушысы бар. Кейбір америкалық конгресмендердің ойынша, Қытайдың коммунистік үкіметі сол адамдардың жеке мәліметтерін жинап, АҚШ-қа ықпал етуге пайдалануы мүмкін. Алайда «Тик-ток» бұны жоққа шығарып, Бейжіңдегі билік сұраса да, оған қолданушылар жайлы деректерді бермейтінін мәлімдеп отыр.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу