Қызылорда облысында биыл құрылыс саласы бойынша 67 млрд теңгенің жобасы жүзеге асырылады
Қызылорда облысында биыл құрылыс саласы бойынша 67 миллиард теңгенің жобасы жүзеге асырылады. Электр желілерін жаңғыртуға да қыруар қаржы қаралып отыр. Бүгінде облыс әкімі ауыл аймақты дамыту бағытында халықтың ұсыныс-пікірін тыңдап, құқық қорғау органдары басшыларымен бірге аудандарды аралап жүр.
Қазалы ауданында соңғы жылдары ауқымды тірлік бар. Былтыр 5 ауыл табиғи газға қосылып, бірқатар әлеуметтік нысандар ел игілігіне берілді. Дегенмен, әлі де ел ішінде мәселе жоқ емес. Аймақ басшысының қоғамдық қабылдауына келген 70-ке жуық тұрғын талап-тілектерін жеткізіп, сұрақтарына тікелей жауап алды.
Жанұзақ Келімбетұлы, Бозкөл ауылының тұрғыны:
Емхананың қазіргі жағдайы да жаман емес. Енді көне емхана ғой 80 жылы салынған. Сол мәселе туралы айтылды. Сол қолға алынатынын айтып берді.
Ал Қармақшыда көпшілік көптен күткен заманауи спорт кешені пайдалануға берілді. Дене шынықтыру орталығы спорттың ойын түрлеріне арналған. Бұрын волейбол, баскетболдан аудан спортшылары мектептің тар залында жаттығып келсе, енді кең алаңда шеберлігін шыңдайды.
Жалпы аймақта бұқаралық спортты дамытуға баса көңіл бөлініп келеді. Әсіресе, ауыл балаларын спортқа баулу мақсатында елдімекендерде заман талабына сай спорттық кешендер көптеп салынбақ.
Нұрлыбек Нәлібаев, облыс әкімі:
Президентіміз бен Үкіметіміздің Сыр өңірін ерекше қолдауының арқасында жаңа ауқымды жобалар жүзеге асуда. Қазірдің өзінде облыс бойынша 10 спорт кешеннің құрылысы салынуда. Соның екеуі Қармақшы ауданында жүргізілуде.
Сондай-ақ «Ауыл - ел бесігі» мен «Ауыл аманаты» жобалары елдімекендердің әлеуетін арттыруда үлкен септігін тигізуде. Биыл Қармақшы ауданындағы 1 кент пен 4 ауылға жалпы 1 миллиард 300 миллион теңгеден астам қаржы қаралып отыр.
Әділбек Серікұлы
Автор
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
2026 жылғы Қысқы Олимпиада медальдарының құны жарияланды
10.12.2025, 13:27
10 боксшымыз ширек финалға шықты
10.12.2025, 13:24
Оралда «Тарихи жады және ұлттық бірегейлік: ғылым мен қоғам диалогы» конференциясы өтті
10.12.2025, 13:21
Клиникалық зерттеулерге венчурлық хаб құру ұсынылды
10.12.2025, 13:18
Қазақстан мен Түркия университеттері ЖИ саласында ынтымақты арттырады
10.12.2025, 13:15
ЕуроОдақ Қазақстаннан аса маңызды шикізат түрлерін алуға мүдделі
10.12.2025, 13:12
Ресейге 5 миллион үнді баруы мүмкін
10.12.2025, 13:09
Иракта су тасқынынан 3 адам қаза тапты
10.12.2025, 13:06