Астанада мемлекеттік рәміздер мәселесі талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада мемлекеттік рәміздер мәселесі талқыланды

12.05.2023

Ерлан Қарин мемлекеттік рәміздерді пайдалану кезінде кемшіліктерге жол берген кейбір өңірлерге ескерту жасады. Мемлекеттік кеңесшінің төрағалығымен өткен республикалық комиссияның отырысында еліміздің геральдикалық рәміздерін одан әрі жетілдіруді ұйымдастыру тәсілдері талқыланды. Сонымен қатар белгіленген стандарттарды сақтау мақсатында өкілетті органдарға мемлекеттік рәміздерді дайындайтын мекемелермен тиісті жұмыс жүргізу ұсынылды. Бұдан бөлек отырыс барысында өңірлердің есебі тыңдалып, мемлекеттік рәміздерге селқос қарағандарына ескерту берілді. Жиын соңында Ерлан Қарин құзыретті органдарға мемлекеттік рәміздерді пайдалану және насихаттау бағытындағы жұмыстарды бақылау ісін күшейту жөнінде бірқатар тапсырма берді.

Серік Селеубай

Хабарламаларға жазылу