Орынбор облысында қазақ тілі кей мектептерде міндетті пән ретінде оқытылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Орынбор облысында қазақ тілі кей мектептерде міндетті пән ретінде оқытылады

12.05.2023

Дана Ғарифуллаеваның мамандығы дәрігер. Бірақ ол қазақ тілінен сабақ беріп, өскелең ұпақтың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіріп жүр. Жас маман жуырда қайтадан арнайы білім алды.

Дана Ғарифуллаева, мұғалім:

Оқулықты қазір Алтай өңірімен хабарласып, сол жақтан кітаптарды күтіп отырмыз. Қашан келетіні әлі белгісіз, бірақ өзіміздің сайтымызды қолданып, балаларды оқытамыз. Біз бұл жақта тегін жұмыс істейміз. Мақсатымыз осы Ресейде тұрып, қазақ тілін үйрету, дамыту.

6 жастан бастап 60 жасқа дейінгі қандастарымыз қазақ тілін үйренуге тілек білдіріпті. Алғашында ғимарат жалдау қиынға соққан. Кейіннен қайырымдылық қоры қолдау көрсетіп, ана тілін үйренуге арналған арнайы кабинеттер дайындап берді.

Алмагүл Берқалиева, Орынбор қаласының тұрғыны:

Келгеніме жарты жылдан асты. Қазақ тіліне барып жүрмін. Қазақ тілі бізге өте керек, менің білмегенім көп, үйреніп жатырмын. Менің арманым орындалып жатыр.

Орынбордың 50 мектебінде қазақ тілі факультатив пән ретінде оқытылады. Енді оқулықтармен қамтамасыз етілген соң міндетті пән ретінде оқыту жоспарланып отыр. Сонымен бірге бірқатар балабақшада қазақ тілі үйірмелері ашылмақ.

Индира Бегайдар

Хабарламаларға жазылу